Түркияда оқитын жастарға ақпарат берілді

YTB «Түркия стипендиялары» аясында Түркияда оқу құқығын алған студенттер елшілікте бас қосты.

2037283
Түркияда оқитын жастарға ақпарат берілді

Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттердің саны жыл сайын артып келеді.

Студент санының соңғы үш жылда 2 мың 900-ден 8 мың 200-ге өскені белгілі болса, Түркияның Қазақстандағы елшілігінде биыл Түркияға баратын студенттерге арналған ақпараттық шара ұйымдастырылды.

Шетелдегі Түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы YTB «Түркия стипендиялары» аясында Түркияда оқу құқығын алған студенттер елшілікте бас қосты.

Қазақстандық Түркия түлектері қауымдастығы және Түркия елшілігінің білім беру кеңесшісімен бірлесіп студенттер үшін ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге елші Мұстафа Капужу, студенттер мен түлектер қатысты.

 Түркияның Қазақстандағы елшілігінің білім жөніндегі кеңесшісі Өмер Инан қазақстандық жастар арасында Түркиядағы университеттерге сұраныстың жоғары екенін және «Түркия стипендиясының» брендке айналғанын айтып, «Осында отырған жастар бұл стипендияға лайықты болды. Олар Қазақстанның біртуар жастары деп айта аламыз» деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер санының артқанына назар аударып, соңғы үш жылда Түркияда білім алған студенттер санының 2 мың 900-ден 8 мың 200-ге жеткенін атап өткен еді.

Министр сонымен бірге Түркияның жетекші университет филиалдарының Қазақстанда ашылатынын хабарлады. 2029 жылға дейін Қазақстанда 12 шетелдік университет филиалын ашу жоспарлануда. Олардың қатарында Гази университеті де бар.



Ұқсас жаңалықтар