Стамбулдан Астана мен Алматыға ұшатын ұшақ саны артады

Азаматтық авиация комитеті «Turkish Airlines» басшылығымен кездесті.

2040961
Стамбулдан Астана мен Алматыға ұшатын ұшақ саны артады

Стамбулдан Астана мен Алматыға қатынайтын ұшақтардың саны артады.

Түрік Әуе жолдарының басшылығы мен Қазақстан Көлік министрлігі рейс санын арттыру мақсатында кеңес өткізді.

Түрік Әуе жолдары Стамбулдан Астана мен Алматыға рейс санын көбейтуді жоспарлап отыр.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Turkish Airlines» басшылығымен кездесті. Кездесуде Стамбул – Астана және Стамбул – Алматы бағыттары бойынша рейстер санын арттыру жоспарлары талқыланды.

Комитет төрағасы Талғат Ластаев жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және әуе кемелерінің жолаушылар өткізу қабілетін арттыру мәселесіне тоқталды.

THY өкілдері «Anadolu Jet-ті» жеке заңды тұлғасы бар компанияға бөлу әрекеттері туралы айтты. Оның айтуынша, бұл үдеріс аяқталғаннан кейін жаңа авиакомпания 2024 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанға рейстерді бастайды деп күтілуде.

«Turkish Airlines» әуе компаниясына Қазақстанға ұшатын рейстерде бесінші дәрежедегі әуе еркіндігін пайдалану мүмкіндігі ұсынылды.

Кездесу нәтижесінде тараптар ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша күш-жігерін жалғастыруға келісті.



Ұқсас жаңалықтар