Астанада түрік суретшінің көрмесі ашылды
Қазақстанда Түркия Республикасының 100 жылдығын атап өту жалғасуда.
Қазақстанда Түркия Республикасының 100 жылдығын атап өту жалғасуда.
Елорда Астанада атақты түрік суретші Ажардың туындыларынан тұратын «Естелік» атты көрме ашылды.
Атақты суретші Исмаил Ажардың Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойына арналған алғашқы көрмесі Қазақстанда ашылды.
Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған көрмеге дипломатиялық миссиялардың өкілдері, суретшілер мен көптеген өнер сүйер қауым келді.
Суретші «Естелік» атты көрмесінің ашылу салтанатында өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
«Мен осы көрмемде мәдениеттеріміздің ұқсас жақтарын көрсетуге тырыстым. Қазақстанда Астанада көрме ашқаныма қуаныштымын. Туындыларымда қолданылған нақыштарда Ахмет Ясауиден Қорқыт Атаға дейін көптеген із көруге болады» деді суретші.
Исмаил Ажардың 40 картинасынан тұратын көрме 15 қаңтар күніне дейін ашық болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.