Қазақ армиясы - Орталық Азиядағы ең үздік армия

Әлемдік рейтингте Қазақстан армиясы 58-орынға тұрақтады.

2087911
Қазақ армиясы - Орталық Азиядағы ең үздік армия

Жаңа жылда әлемдегі ең қуатты армиялардың тізімі жаңартылды.

АҚШ-тың «Global Firepower» әскери статистикалық сайты жасаған рейтингте Қазақстан армиясы 58-орынға тұрақтады.

Тізім бойынша қазақ әскері Орталық Азиядағы ең күшті армия атанды.

Қазақстандық әскерилер рейтингте бес сатыға көтеріліп, әскери қуаттылық рейтингінде 58-орынға орналасты.

2023 жылы Қазақстан армиясы 63-ші орында болдатын.

Қазақстан армиясының қорғаныс шығындары 7,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Әскери қызметкерлердің жалпы саны 300 мың адамға жетті.

Тізімде Өзбекстан 65-ші, Қырғызстан 100-ші, Тәжікстан 107-ші орында тұр.

Рейтингте сарапшылар 145 елді әскери бөлімдердің саны, қаржылық жағдай, технологиялық даму, географиялық орналасуы және мобильділік сияқты 60 түрлі фактор бойынша бағалады.



Ұқсас жаңалықтар