Әзербайжан делегациясы ЕКПА-ны айыптады
Делегация Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысынан шығып кетті.
Әзербайжан делегациясы Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысынан шығып кетті.
Әзербайжан делегациясы Еуропа органын нәсілшілдікпен айыптады. Делегация «ЕКПА-ндағы қазіргі адам шыдай алмайтын нәсілшілдік, Әзербайжанофобия және Исламофобия атмосферасында Әзербайжан делегациясы осы ұйыммен ынтымақтастығын келесі шешімге дейін тоқтатады» деп мәлімдеді.
Әзербайжан ЕКПА-ның Әзербайжанға бағытталған ұстанымының қыркүйек айынан бастап нашарлай бастағанын» айтып, қазан айында осы ассамблеяның Бакуды «Қарабах армяндарын күштеп айдап жіберді» деп айыптайтын бір жақты шешім қабылдағанын еске салды.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.