Қырғызстан Президенті Жапаров Қазақстан Сыртқы істер министрін қабылдады

Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер жүргізді.

2094828
Қырғызстан Президенті Жапаров Қазақстан Сыртқы істер министрін қабылдады

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады.

Қырғызcтан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар қырғыз-қазақ көп жоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мен тереңдету, сондай-ақ сауда-экономикалық қызметті жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады. Ол үшін екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша перспективалық жобаларды жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру ұсынылды.

Қырғызстан басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, бауырлас Қырғызстан мен Қазақстан арасында шешімін таппаған мәселе болмауы керектігін баса айтты.

Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұрат Нұртілеу Қырғызстан Республикасының мемлекет басшысы Садыр Жапаровтың елдің экономикалық және институционалдық дамуы бойынша ұстанған бағыты оң нәтиже беретініне сенімін білдірді.

Еске сала кетсек, Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Бішкекке барды. Ол Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер жүргізді.

 

Дереккөз - KAZINFORM



Ұқсас жаңалықтар