Қырғызстан мен Тәжікстан тарихи шекаралық келісімге жақын

Тақырыппен байланысты Тәжікстан президенті Имамали Рахман мәлімдеме жасады.

2097804
Қырғызстан мен Тәжікстан тарихи шекаралық келісімге жақын

Қырғызстан мен Тәжікстан тарихи келісімнің алдында тұр. Соңғы 4 айда екі ел 196 шақырымға сәйкес келетін ортақ мемлекеттік шекара туралы келісімге келді. Бұл туралы мәлімдемені 5 ақпан күні Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен пен әңгімелескен Тәжікстан президенті Имамали Рахман жасады.

Тәжікстан президенттігінің баспасөз орталығы жасаған мәлімдемеге қарағанда қазірге дейін екі елдің мемлекеттік шекарасының 90 пайыздан астамы туралы келісім жасалды. Рахман мен Қулубаевтың әңгіме барысында трансшекаралық су ресурстарын пайдалану, экономика саласында парламентаралық және басқа да салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де талқыланды.

Соңғы бірнеше айдан бері екі ел басшылары шекараны бөлу тақырыбын қызу түрде талқылап жатыр. Қырғызстан Министрлер кеңесінің соңғы есебіне қарағанда, Баткендегі кездесуден кейін тараптар тағы 38,35 шақырымдық аумақ туралы шешім қабылдады.

Шекара мәселесіндегі соңғы кездесуді елдердің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің директорлары Қамшыбек Тасиев пен Саймумин Ятимов өткізген болатын. Кездесуден кейін тараптар шекараның бірнеше жері бойынша келісімге келгендерін хабарлаған еді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 972 шақырымды құрайды. 2022 жылғы кездесулерде екі ел басшылары 664 шақырым тақырыбы бойынша келісімге келгендерін мәлімдеді. Шекарадағы белгісіздік себепті бұл аймақтарда жиі келіспеушіліктер болып, кейбіреулері қарулы қақтығыстарға ұласты. Ең ауыр қақтығыс 2022 жылдың күзінде болған еді.



Ұқсас жаңалықтар