Әзербайжан түрік халқымен бірге
Әлиев Президент Ердоғанға хабарлама жолдады.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркияның жер сілкінісінен туындаған қиыншылықтарды Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығы, түрік халқының табандылығы, ұйымшылдық рухпен жылдам еңсеретініне сенімді екенін айтты.
Әлиев 2023 жылдың 6 ақпан күні болған жер сілкінісінің бір жылдығында Президент Ердоғанға хабарлама жолдады. Жер сілкінісінде қаза тапқандарды құрметпен еске алатынын білдірген Әлиев оларға Алла Тағаланың рақымын, отбасы мен жақындарына сабыр тіледі.
Әлиев жер сілкінісінің Түркияға болғандай Әзербайжанға да ауыр тигенін атап көрсетіп, қиын күндерде Әзербайжан халқының бауырлас түрік халқымен бірге болғанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.