Қырғызстанда «TikTok» медиа платформасына шектеу қойылды
Бүгін пайдаланушылар желіге кіре алмады.
Қырғызстанда Қытайдың «TikTok» әлеуметтік медиа платформасына кіруге шектеу қойылды.
Бүгін елдегі пайдаланушылар «Google», «Opera» және «Safari» сияқты браузерлер арқылы «TikTok» қолданбасына кіре алмады.
Ұялы телефондардағы «Apple» және «Google Play Store» қолданбаларынан орнатылған «TikTok» нұсқасы жұмысын жалғастыруда.
Қырғызстанның Мәдениет министрлігі «TikTok» әлеуметтік желісін бұғаттау туралы өтінішті Цифрлық даму министрлігіне өткен жылдың тамыз айының соңында жолдады.
Кеше Цифрлық даму министрлігі интернет-провайдерлерге «TikTok-қа» қолжетімділікті шектеу туралы хат жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.