Президент маңызды заңдарға қол қойды

Аталмыш келісім екі ел арасындағы автомобиль, теміржол және теңіз арқылы жүк ағынын арттыруды көздейді.

2136363
Президент маңызды заңдарға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталмыш келісім екі ел арасындағы автомобиль, теміржол және теңіз арқылы жүк ағынын арттыруды көздейді. Осылайша Каспий теңізі арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен Баку-Тбилиси-Карс темір жолы арқылы жүктердің транзиттік процесі жеңілдетіледі.

Сонымен қатар теміржол және теңіз көлігімен аралас тасымалдауда екі бөлек транзиттік құжаттың орнына бірыңғай цифрлық құжат енгізіледі.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ақпан айында Парламентте екі ел үкіметтері арасындағы бұл келісім Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара тауар айналымын арттырады деп мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар