Ауғанстанда логистикалық хаб салынады

Ауғанстан, Қазақстан және Түрікменстан Ауғанстанның Герат провинциясында ірі логистикалық хаб салу туралы келісімге келді.

2137101
Ауғанстанда логистикалық хаб салынады

Ауғанстан, Қазақстан және Түрікменстан аймақтық сауданы дамыту мақсатында Ауғанстанның Герат провинциясында ірі логистикалық хаб салу туралы келісімге келді.
Бұл туралы Талибан уақытша үкіметінің өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуруддин Азизи «Reuters» агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Екі айдан кейін тараптар тиісті келісімнің жобасын дайындайды.
«Герат провинциясында Ауғанстан, Қазақстан және Түрікменстан инвестицияларына Солтүстік-Оңтүстік Азия дәлізі сауда бағыттарының қиылысында логистикалық хаб салынады», - деді Азизи.
Оның айтуынша, Герат көлік торабы арқылы көмірсутегі шикізатының бастапқы жылдық айналымы 1 миллион тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстан Герат арқылы Оңтүстік Азия нарығына да экспорт жасауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Қазақстан Трансауған тас жолының құрылысына қатысуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Қазақстан үкіметі алдағы жылдары Ауғанстанға экспорт 40 пайызға артады деп болжап отыр.
Бұл ретте 2030 жылға қарай көлік саласындағы ынтымақтастық үш есеге артады деп айтылды. 
 



Ұқсас жаңалықтар