Германияға наразылық

Сыртқы істер министрі соңғы оқиғаларға наразылық білдірді.

683943
Германияға наразылық

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әділет министрі Бекир Боздағдың Германиядағы түріктермен жоспарлаған жиналысының алынып тасталуына байланысты «Бұл неміс «терең мемлекеттік құрылымының» жүйелі ісіне айналды» деді.

Сыртқы істер министрі Венгрия Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сзижартомен кездесті.  Министр Әділет министрі Боздағдың жиналысының алынып тасталуы жөнінде: «Германияның осы ісі не демократияға,  не сөз бостандығына және жиналу еркіндігіне жатпайды.  Баршаға демократияны үйретуге тырысқан бір елдің, тіпті бірнеше елдің осындай шараларға кедергі болуға тырысуы негізінде Германия мен батыстың қаншама қос стандартта екендерін көрсетеді» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның өткен жылы Германияда өткізетін жиналысына да кедергі келтіргендерін еске салған Чавушоғлу алайда бөлшектеуші террор ұйымының жиналысына рұқсат берілгенін айтты.

«Террористтердің басшыларына рұқсат береміз.  Халқының даусымен сайланған Түркия Республикасының президентіне рұқсат бермейсіз. Бұны қалай түсіндіреді?» деді ол.

Премьер-министр Бинали Йылдырымның да өткен аптадағы жиналысына қиындық шығаруға тырысқандарын айтқан министр «Енді жиналыстарды муниципалитеттер алып тастай бастады. Бұл кездейсоқ емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар