Ердоған Анкарада жастардың сұрақтарына жауап берді

Президент Голан төбелерінің 1967 жылы БҰҰ тарапынан Сирияға қарасты екені анықталған территория болғанын айтты.

1172693
Ердоған Анкарада жастардың сұрақтарына жауап берді
erdogan atakule gencler1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Голан төбелерінің 1967 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Сирияға қарасты екені анықталған территория екенін айтты.   

Президент Режеп Тайып Ердоған астана Анкарада жастардың сұрақтарына жауап берді. 

Президент  Ердоған қатысқан бағдарлама Twitter, Facebook және Instagram қатарлы әлеуметтік желіден тікелей эфирде таратылды.

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарының Голан төбелерін Израильдің территориясы деп тану шешіміне де тоқталды.

Голан төбелерінің 1967 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Сирияға қарасты деп анықталған территория екенін және Израильмен ешқандай байланысы болмағанын білдірген Ердоған:

"Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп "Айттым бітті" дейді. Сенің айтуыңмен іс бітпейді. Франция премьер-министрі Эммануэль Макронмен сөйлестім, ол маған "Сізбен бірдей ойдамын" деді. "Мұны Трампқа да айтамын" деді. Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеме жасады. Трамптың бұл қадамының Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қауіпсіздік Кеңесінен мақұлдау алуы мүмкін емес. Біз Ислам Ынтымақтастық Ұйымына да аталмыш тақырыпты жеткіземіз" деп баса дәріптеді. 

Ердоған аталмыш тақырыпта Шығанақтағы мұсылман елдерінің белді бекем байлаған тұғыр танытпағанына да назар аударды.  

Израильде 9 сәуірде өтетін жалпы сайлау үшін Трамптың Беньямин Нетаньяхуға қолдау бергенін тілге тиек еткен Ердоған:

"Нетаньяху парақорлыққа араласқан бір адам. Трамп Нетаньяхуға қолдау берсем, оны құтқарамын деп ойлайды. Құтқарса да, құтқармаса да ешнәрсе өзгермейді.  Жалғыз қалсақ та, бұл жұмысты жалғастырамыз. Біз түрік ұлты ретінде өз бекімімізді көрсетіп, жолымызды ілгері қарай жалғастырамыз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландияда екі мешітке ұйымдастырылған және 51 жан мерт болған террорлық лаңкестік оқиғасына да тоқталды. 

Террористік ұйым ДАИШ мүшесі бір шіркеуге шабуыл жасаған кезде батыстың күллі  әлемді аттанысқа келтіретінін атап өткен президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ал осы оқиғада Батыстың үні шықты ма? Шыққан жоқ. Бұл террористі жамандаған да жоқ. Чарли Хебдо оқиғасында Францияда әлем лидерлері бас қосты. Бірге аттанысқа келді, әлемді астаң-кестең қылды. 51 мұсылман мешіттегі ғибадат кезінде шәйіт болды, үндері шықпады" деді. 



Ұқсас жаңалықтар