Президент Ердоған ресми сапармен Ресейге аттанды

Президент Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху басқан әр қадамның халықаралық құқыққа қарама-қайшы екенін атап көрсетті.

1178948
Президент Ердоған ресми сапармен Ресейге аттанды

Президент Ердоған Израиль премьер-министрін сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху басқан әр қадамның халықаралық құқыққа қарама-қайшы екенін атап көрсетті.

Ердоған 8-ші Түркия-Ресей жоғары деңгейлі кеңес жиналысына қатысу үшін Мәскеуге сапары алдында Стамбулда ұйымдастырған баспасөз жиналысында Нетаньяхудың Батыс Шерияны аннекциялау туралы мәлімдемелеріне наразылық көрсетті.

Нетаньяху басқан әр қадамның, Израильдің 1948 жылдан бері жүргізген барлық жұмыстарының халықаралық құқыққа қарама-қайшы екенін атап айтқан Ердоған  «АҚШ-тың қолдауын алып осы қадамдарды басуда. Голан төбелері және Батыс Шериямен байланысты басылған қадамдарда мұны байқаймыз. Бірдей әдіспен АҚШ-та баспасөз жиналысымен осы мәселені өз мүдделеріне шешкілері келеді. Сайлауда жеңіске жету үшін осылай бір қадам басылуда. Таяу Шығысты қайтадан түнекке айналдыратын бір болашақ дайындау жоспары қабылданбайды. Палестиналықтарға қолдауымыз жалғаспақ» деді.

Президент Ердоған Мәскеу байланыстары жайлы Ресей президенті Владимир Путинмен жаңа жылдан бері үшінші рет бетпе-бет кездесетінін, осы елмен ынтымақтастықтың одан мықты түрде артқанын атап көрсетті.

Путинмен екі ел қарым-қатынастарын бағалайтындарын атап айтқан Ердоған «Ынтымақтастығымыз сауда, туризм, энергия және мәдениет салаларында жалғасуда. Сауда көлемімізді қалай арттыратынымызды қолға аламыз. Елдерімізде инвестиция жоспарларын алатын іскерлермен бас қосамыз. Виза жеңілдігі тақырыбы да күн тәртібінде орын алады» деді. Ердоған Ресей мен Сирияда Евфраттың шығысына жасалуы жоспарланған операцияға да тоқталған Ердоған барлық дайындықтарды жасағандарын білдірді. Ердоған операция мәселесінде қолға алатындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар