Чавушоғлұ Трамптың жоспарына наразылық көрсетті

Чавушоғлұ АҚШ президенті Дональд Трамптың ауыз жүзіндегі бейбітшілік жоспарына наразылық көрсетті.

1352196
Чавушоғлұ Трамптың  жоспарына наразылық көрсетті

Чавушоғлұ АҚШ президенті Дональд Трамптың ауыз жүзіндегі бейбітшілік жоспарына наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың ауыз жүзіндегі бейбітшілік жоспарына наразылық көрсетті.

Мәвлүт Чавушоғлұ Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы жиналысында сөз сөйледі. Трамптың Иерусалим жоспарына наразылық көрсеткен Чавушоғлұ «Жоспар Иерусалим және Батыс Шериядағы Израиль басқыншылығын заңдастыруға бағытталған бір зымияндық әрекет» деді.

Чавушоғлұ жоспардың Израильдің қауіпсіздігін сылтау ете отырып барлық Палестина халқын террорист ретінде көрсетуге тырысқанын білдірді.

Бұл жоспардың екі мемлекеттік шешім жобасын күшінен қалдырғанын және тек еврейлер ғана тұратын бір мемлекеттік шешіміне негізделгенін түсіндірген Чавушоғлұ «Осы тұрғысынан алғанда жоспардың нысанасы әслінде Израильдің жарты ғасырдан бері жалғастырған басқыншылығын заңдастыру» деген сөздер қолданды.

Еуропа Одағының осы жоспарды қабылдамағанына риза екенін білдірген Чавушоғлұ барлық араб елдерінің де  АҚШ-қа қарсы бекімді бір тұғыр ұстануы керектігін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар