Стамбулда жаңа аурухана ашылды

Ердоған Стамбулдың халықаралық медициналық орталыққа айналғанын айтты.

1421256
Стамбулда жаңа аурухана ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған медициналық инвестициялар арқылы Стамбулдың халықаралық медициналық орталыққа айналғанын айтты. 

Президент Ердоған Стамбулда құрылысы аяқталған Башакшехир шырша және сакура қалалық ауруханасының беташарында сөз сөйледі. 

Бүгін тамырлы және жан-жақты Түрік- Жапон достығына тағы бір қосымша қосқандарын айтқан президент: “Тек эстетика тұрғысынан емес,  технологиялық инфрақұрылым, тұғыры,  мүмкіндіктері және басқа да ерекшеліктерімен Стамбулдың мақтан тұтарлық ғимараттарының бірі болатын бір туындыны елімізге сыйлаймыз” деді. 

Президент Ердоған медицина саласында Стамбулдың енді орталыққа айналғанын айтып, сонымен бірге қаланың халықаралық медициналық орталық болғанын білдірді. 

 

Президент Ердоған: “Медициналық қызметтің құны жақсы түсінілген дәуірде бұл жер медицина туризмінде Түркияның брендінің бірі болады” деді. 

“Медицина жүйелері қираған,  мемлекеттік тәртіп жараланған бір кезеңде Түркия мен Жапония үлгілі табыс көрсетуде” деді ол. 

Беташарға видео конференция арқылы қатысқан Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ де “Денсаулықты бейнелейтін шырша мен Жапонияның символы сакураның атымен аталған аурухананың Стамбул халқына денсаулық әперуін тілеймін” деді.



Ұқсас жаңалықтар