"Елімізді апаттарға шыдамсыз құрылыстардан толығымен құтқарамыз"

Президент Ердоған Кайсери қаласын жаңарту жобасы рәсіміне үн қатты.

1515294
"Елімізді апаттарға шыдамсыз құрылыстардан толығымен құтқарамыз"

Президент Ердоған Түркияны апаттарға шыдамсыз барлық құрылыстардан толығымен құтқаратындарын атап көрсетті.

Ердоған «Талас» парашют жаттығу алаңында ұйымдастырылған Кайсери қаласын жаңарту жобасы аясында кілт табыс ету рәсімінде үн қатты.

Ердоған Кайсери қаласын жаңадан салу жобаларының әрі ең ескі, ең ауқымды, әрі ең табысты үлгілерінің іске асырылған бір жер екенін атап көрсетті.

Қайсеридің бүгін Түркияның ең әдемі қалалық үлгілерінің біріне айналғанын атап көрсеткен Ердоған «Бүгінге дейін қаламызда шамамен 100 мың тұрғын үй өзгерісін жүзеге асырды» деді.

Нысаналарының жер сілкінісіне қарсы «шыдамсыз» деп тіркеуге алынған 6,7 миллион тәуелсіз құрылысты жаңартуды ең қысқа мерзімде толықтыру екенін білдірген Ердоған «Алғашқы сатыда алдынғы қатардағы 1,5 миллион құрылыс үшін жылдам және тұрақты бір жұмыс жүргізіледі. Иншалла апаттарға қарсы шыдамсыз құрылымдардан толығымен құтқарамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар