"Жаңа атазаң елдегі тарихи жетістіктер бойынша дайындалады"

Президент партиясының қалалық құрылтайында сөз сөйледі.

1576654
"Жаңа атазаң елдегі тарихи жетістіктер бойынша дайындалады"

Президент Режеп Тайып Ердоған  жаңа атазаңның елдегі тарихи жетістіктер бойынша дайындалатынын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Артвин, Билежик, Чанкыры, Газиантеп және Ыгдыр қалалық құрылтайларына тікелей эфирмен қатысты.

Осындағы баяндамасында елдің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін табанды күрес жүргізгендерін атап көрсеткен Ердоған: «Бүгінге дейін атқарылған істердің босқа кетпеуі және жетістіктердің нашарламауы үшін жұмыстанудамыз» деді.

Ол жаһандық саяси және экономикалық теңгерімдер шайқалған бір кезеңде елдің өзіне мықты орын табуы үшін тырысқандарын атап көрсетті. «Осындай күреске елдің барлық саяси партиялары мен барлық үкіметтік емес ұйымдары қолдау беруі керек» деді ол.

Ердоған «Жаңа атазаң еліміздің жетістіктері бойынша дайындалады» деді.



Ұқсас жаңалықтар