Ердоған Ерзурумда жобаларды қызметке ашты

Ердоған: "Ауруханаларымыз тек қана қалаларымыз бен аймақтарымыздың ғана емес, еліміздің ең замандасқан денсаулық сақтау ұйымдарының бірі" деді.

1676823
Ердоған Ерзурумда жобаларды қызметке ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған 19 жылдан бері еңбек және қызмет саясатын басқарғандарын, бүкіл Түркияны құшақтауды, еңбек пен қызмет беруді жалғастырғандарын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ерзурумда құрылысы аяқталған жобалардың беташар рәсіміне қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ауруханаларымыз тек қана қалаларымыз бен аймақтарымыздың ғана емес, еліміздің ең замандасқан денсаулық сақтау ұйымдарының бірі" деді.

Президент және Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған Түркияның болашағын нұрландыратын жобаларды атқаруды жалғастыратындарын айтты.

Әділет және даму партиясының Ерзурум Уәлаяты ақылдасу жиналысына қатысқан Ердоған рәсіммен беті ашылған 9.5 миллиард лиралық қызмет және жобаны Ерзурумға ұсынатындарын хабарлады.

Президент Ердоған:

"2023 жылға беталған процесте сізден қолдау күтеміз. Уәлаят ақылдасу жиналыстарымызды демократия мерекесі деп қараймыз. Осы жиналыстарда ұйымымыздың күшті және әлсіз жағын көреміз. Жиналыстарымызды жалғастырамыз" деп көрсетті.  

Әділет және даму партиясының өзін жаңалап, жандандырып келе жатқанын айтқан Ердоған:

"Алдағы кезеңде осы түсінікпен Түркияның болашағын нұрландыратын жобаларды атқаруды жалғастырамыз" деді.

Дүйсенбі күні СКТР-ге баратынын, 20 шілде Бейбітшілік пен еркіндік бейрамына қатысып, қасиетті Құрбан айтты Кипр түрік халқымен бірге өткізетінін айтқан Ердоған СКТР-де мұралар мен жобаларды қызметке ұсынатынын атап көрсетті.

19 жылдан бері еңбек және қызмет саясатын басқарғандарын айтқан Ердоған бүкіл Түркияны құшақтауға, еңбек пен қызмет беруді жалғастырғандарын атап көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар