Мұстафа Шентоп мұсылман елдерін береке-бірлікке шақырды

Мұстафа Шентоп Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттік Одағының 16-шы конференциясының бетін ашты.

1745873
Мұстафа Шентоп мұсылман елдерін береке-бірлікке шақырды

Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттік Одағының (ИЫҰПО)16-шы конференциясы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентопның үй иелігінде 9-10 желтоқсанда Стамбұл Долмабахче сарайында  өтті.  

Конференцияның беташарында президент Режеп Тайып Ердоған мен  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп баяндама жасады. 

Мұстафа Шентоп баяндамасында Палестина және Иерусалим мәселесін және аймақта болған оқиағаларды шешуде ортақ әрекет етудің маңыздылығына тоқталды. 

Әлемнің әр жерінде өмір сүрген мұсылман қауымның өздері үшін маңызды тақырыптар арасында орын алғанына назар аударған Шентоп мұсылмандардың басын қосатын құндылықтардың өте көп екенін түсінідіріп былай деді: "Әлемдегі адамдардың басын қосатын ең мықты құндылықтар мұсылмандардың ішінде бар. Мұсылмандардың саны әлемде 2 миллиардқа жақын және  мұсылмандар  әлемнің ең стратегиялық географиясында өмір сүруде. Экономикалық жақтан да үлкен  мүмкіндіктерге ие. Біз осы мүмкіндіктерден пайдалануымыз керек және біреке-бірлік ішінде әрекет жасағанымыз абзал" деді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар