Президент «MUSIAD Түркияның күші» сыйлықтары рәсіміне қатысты

Президент Ердоған босқындарға қатысты «Елімізді паналаған бауырларымызға соңына дейін ие шығамыз» деді.

1824166
Президент «MUSIAD Түркияның күші» сыйлықтары рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған босқындарға қатысты «Елімізді паналаған бауырларымызға соңына дейін ие шығамыз» деді.

Президент Ердоған Стамбулдағы Ататүрік мәдениет орталығында Мүсиад (MUSIAD-Тәуелсіз өнеркәсіпшілер және іскерлер қауымдастығы) 32-ші мерейтойлық бағдарламасына және дәстүрлі «MUSIAD Түркияның күші» сыйлықтары рәсіміне қатысты.

Ердоған осында айтқан сөзінде Түркиядағы сириялық босқындар тақырыбына тоқталып «Елімізді паналаған бауырларымызға соңына дейін ие шығамыз. Олар туған жеріне қалаған кезде орала алады, бірақ біз оларды бұл жерлерден ешқашан қумаймыз. Біз оларды қанішерлердің қолына тастамаймыз» деді.

Президент Ердоған Сирияның солтүстігінде кем дегенде 100 мың брикет үй салуды мақсат еткендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар