"Түркияны паналағандарға теріс айналмаймыз"

Президенттік Жоғары кеңесте Түркияның көші-қон басқармасы мен елдегі шетелдіктерге қатысты мәселелер талқыланды.

1832056
"Түркияны паналағандарға теріс айналмаймыз"

Президенттік Жоғары кеңес жиналысы президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен бас қосты.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Президенттік кешенде шамамен 3 сағатқа созылған жиналысқа байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда алқа мүшелері жиында Түркияның көші-қон басқармасы мен елдегі түрлі мәртебедегі шетелдіктерге қатысты мәселелерді талқылады.

Жиында президент Ердоған Түркияның тарих бойы жасағанындай бүгінгі күні де Түркияны паналаған ешбір адамға теріс айналмайтынын білдірді.

Түркия тарапынан Сирияның солтүстігінде қауіпсіз жағдайға келтірілген аймақтарға оралғандар санының 500 мыңнан асқанына назар аударған президент Ердоған бұл аймақтарда салынатын жаңа қоныстарға әлдеқайда көп сириялықтың қайтатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар