Түрік балы Ордуда мол өндірілуде

Орду балы Франция, Ұлыбритания, Голландия, Германия сияқты Еуропа елдеріне экспортталады.

1854761
Түрік балы Ордуда мол өндірілуде

Өнеркәсіп және Технологиялар министрі Мұстафа Варанк Еуропаның ең үлкен бал өңдеу, пакеттеу және зерттеу орталығының Қаратеңіздегі Орду қаласында екенін айтты.

Орду Бал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты дайындаған бюджеті 10 миллион еуро болған «Менің арам, менің балым, менің ұям жобасы» аясында Өнеркәсіп және Технологиялар министрлігі және Еуропалық Одақтың қолдауымен құрылған "BALMER"  Ара өнімдерін зерттеу-дамыту орталығы түрік балының экспортын қамтамасыз етеді.

2018 жылы пайдалануға берілген нысанда өндірушілерден сатып алынған бал сарапталып, пакеттелгеннен кейін Франция, Ұлыбритания, Голландия, Германия сияқты Еуропа елдеріне экспортталады.

Министр Мұстафа Варанк балды орау және зерттеу зертханасы Еуропадағы ең ірі орталық екенін айтты.

Министр Мұстафа Варанк: "Орду мен төңірегі бал ең көп өндірілетін аймақ. Біз осы базаны Еуропа Одағы қаржысымен Түркияның қолдауымен ортақ құрдық" деді.

"Түркияда өндірілген бал осы жерде зерттеліп, пакеттеліп, түрік маркасы ретінде Ұлыбританияға сатылуда» деді министр Варанк.



Ұқсас жаңалықтар