"Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесі әлем баспасөзінде кең орын алды

Көмірсутегі іздеу жұмыстарында пайдаланылатын "Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесі әлем назарын аударды.

1866212
"Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесі әлем баспасөзінде кең орын алды

Түркияның төртінші бұрғылау кемесі "Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесі алғашқы міндет орнына жолға шықты.

"Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесі кеше президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өткен рәсіммен Мерсиннің Ташуджу портынан Жерорта теңізінің шығысындағы қызмет орнына жөнелтілді.

Түркияның 4-ші бұрғылау кемесі көмірсутегі іздеу жұмыстарында пайдаланылады.

Грекияның «Kathimerini» газеті «Түрік бұрғылау кемесінің ықтимал үш бағыты» атты хабарында "Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесінің Жерорта теңізінің шығысындағы бағытына қатысты әртүрлі сценарийлердің қарастырылғаны туралы ақпаратқа орын берді.

Грекияда ағылшын тілінде хабар тарататын «Greek City Times» газеті президент Ердоғанның тікұшағының кемедегі фотосуретін әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскенін хабар болып жариялады. Мақалада Ердоғанның әлеуметтік желідегі хабарламасы үшін «күш көрсету» тақырыбы қолданылды.

Грекияның «Та Неа» газеті «Абдүлхамид Хан» бұрғылау кемесін жайында «Түркияның ең қуатты және заманауи кемесі» деп жазды.

«Middle East Monitor» Баспасөз мониторинг агенттігі «Абдүлхамид Хан» кемесінің жұмысын бастауы тақырыбында президент Ердоғанның «Жерорта теңізінде жүргізетін зерттеу және бұрғылау жұмыстары біздің егемендік алаңымызды қамтиды. Осы үшін бізге ешкімнің разылығы немесе рұқсаты қажет емес» деген сөздерімен жариялады.

Мысырдың ең көп тараған күнделікті газеті «Ахрам» болса хабарды президент Ердоғанның «Қуыршақтар да, жіптерін қолында ұстайтындар да Жерорта теңізіндегі құқығымызды алуымызға кедергі бола алмайды» деген сөздерімен жариялаған.

Орталығы Катардағы «Әл-Жазира» телеарнасы «Түркия Жерорта теңізінің шығысында табиғи газ барлау жұмыстарын қайта бастады» деген тақырыппен хабар жариялады. Хабарда Ресейдің Украинаға басып кіруі жаһандық энергетикалық дағдарысты тудырған соң маңызды табиғи газ әлеуетіне ие Жерорта теңізі шығысының маңыздылығының артатыны туралы ақпарат орын алды.

Вашингтондағы «Al-Monitor» жаңалықтар сайты «Ердоған ‘әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде қаруға айналған табиғи газ бен мұнай ресурстарымызды неғұрлым тезірек арттыра алсақ, соғұрлым осы маңызды үдерісте мүдделеріміз артады’ деді» деп жазды.

Ассошиэйтед Пресс ақпарат агенттігі Түркияның басқа бұрғылау кемелерінің есімдерінің «Фатих», «Кануни» және «Явуз» екенін, 4 кемеге де Османлы сұлтандарының есімдерінің берілгенін жазды.

ABC News ақпарат агенттігі жаңалықты «Түркия президенті елдің ең жаңа және ең үлкен суасты көмірсутегін бұрғылау кемесінің ашылу рәсіміне қатысты» деген тақырыппен жариялады.



Ұқсас жаңалықтар