Ердоған Ислами Ұйымшылдық ойындарының бетін ашты

Кейін ойындарға қатысушы елдердің командалары рет-ретімен өз туларын көтеріп, стадионға кірді.

1865818
Ердоған Ислами Ұйымшылдық ойындарының бетін ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған V Ислами  Ұйымшылдық ойындарының бетін ашты.

Президент Ердоған Кония қалалық муниципалитет стадионында Ислами  Ұйымшылдық Спорт федерациясы мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің қатысуымен басталған V Ислами  Ұйымшылдық ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Рәсімге Ердоғанмен бірге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар, Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштийе, Албания премьер-министрі Эди Рама, Алжир премьер-министрі Эймен бин Абдуррахман, Ислами  Ұйымшылдық спорт федерациясының президенті ханзада Абдулазиз Бин Турки қатысты.

Сөзін бісмілламен бастаған Ердоған «Мен V Ислами  Ұйымшылдық ойындарының спорттық шараларын бастап беремін. Осы организацияға үлес қосқандарды құттықтаймын. Сәттілік тілеймін» деді.

Ашылу салтанаты қасиетті Құран оқумен басталды. Жоғары лауазым иелері стадионға келгенде Мемлекеттік Әнұран орындалып, одан кейін Түрік туы көтерілді.

Кейін ойындарға қатысушы елдердің командалары рет-ретімен өз туларын көтеріп, стадионға кірді.

Ислам әлемінің маңызды музыканттарының бірі Махер Заин V Ислами  Ұйымшылдық  ойындарының ашылу салтанатында шағын концерт берді.



Ұқсас жаңалықтар