ТР Денсаулық сақтау министрі Бакуде
Түрік министр ертең Шушаға барады.
ТР Денсаулық Сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркия-Әзербайжан Медицина бизнес форумына қатысу үшін Әзербайжанға барды. Министр Бакудегі зираттарды зиярат етті.
Министр Кожа Құрметті аллеядағы марқұм президент Гайдар Әлиевтің зиратына барып, осында гүл шоғын қойды.
20 қаңтар шейіттері жерленген Шейіттер аллеясына министр осындағы Мәңгілік от монументіне де гүл шоқтарын қойды.
Министр Кожа Әзербайжан Денсаулық сақтау министрі Теймур Мұсаев және Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Джахит Багжымен бірге Баку Түрік шәйіттері зиратына барды.
Кездесулер аясында Түркия-Әзербайжан Медицина бизнес форумына қатысатын министр Кожа әріптесі Мұсаевпен кездесіп, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен бас қосады.
Түрік министр ертең Шушаға барады.
Ұқсас жаңалықтар
Хафан Фидан Ханке Брюинс Слотпен кездесті
Хакан Фидан Голландия Сыртқы істер министрі Ханке Брюинс Слотпен кездесті.
Ердоған Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.