Түркияда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Түркия Статистика Институты тамыз айының жұмыс күші статистикасын жариялады.

1890613
Түркияда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Түркиядағы жұмыссыздық деңгейі тамыз айында өткен айға қарағанда 0.4 ұпай  төмендеп, 9.6 пайыз болды.

Түркия Статистика Институты тамыз айының жұмыс күші санды мәліметін жариялады.

Осыған сәйкес Түркияда 15 және одан жоғары жастағы жұмыссыздар саны тамыз айында алдыңғы аймен салыстырғанда 100 мыңға азайып, 3 миллион 312 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 0.4 пайыздық ұпайға төмендеп, 9.6 пайыз болып есептелді.

Жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 2.2 ұпай азайды және 2014 жылдың наурыз айынан бергі ең төменгі деңгейге түсті. 2014 жылдың наурыз айында жұмыссыздық деңгейі 9.5 пайызды құраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар