Қорғаныс өнеркәсібі атқарушы комитеті жиналысы өтті

Жиналыста «Siper», «Hisar» және «Sungur» қорғаныс жүйелерін өндіру туралы шешім қабылданды.

1921818
Қорғаныс өнеркәсібі атқарушы комитеті жиналысы өтті

Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті отырысында Түркияның әуе қорғанысын күшейту мақсатында «Siper», «Hisar» және «Sungur» жүйелерінің жаңа сериялық өндірісіне қатысты шешімдер қабылданды.

Кеше Анкарадағы Президенттік кешенде президент Режеп Тайып Ердоған басшылық жасаған Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің отырысы өтті.

Жиында Түрік қарулы күштері (ТҚК) қолданатын ішкі және ұлттық жүйелерге жаңаларын қосу мәселелері талқыланды. 25 бөлек жоба бойынша шешім қабылданды.

Әуе қорғанысын нығайту үшін «Siper», «Hisar» және «Sungur» жүйелерінің жаңа сериялық өндірісі туралы шешімдер қабылданды. «Тайфун», «Атмажа», «TRLG-230», «Караок», «Гөкдоған» және «Боздоған» зымырандарына қоса, «Акйа» торпедосы мен түрлі платформаларға арналған әртүрлі оқ-дәрілердің жаппай өндірісіне қатысты шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар «Милгем» (Ұлттық кеме) жобасы аясында салынатын кемелерді (i-санаттағы фрегаттар) жеткізу туралы шешім қабылданды.

Алғашқы сынақ ұшуын көгілдір аспанда 5 сағат ұшып сәтті орындаған пилотсыз реактивті жойғыш «Қызылелма» ұшағының соңғы жағдайы бағаланып, пилотсыз әуе көліктерінің жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ F-16 соғыс ұшақтарын жаңғыртуға жаңаларын қосу, жаңа электронды соғыс және радиолокациялық жүйелер, әртүрлі әуе, құрлық және теңіз платформалары, байланыс және ақпарат жүйелері, құралдар мен жабдықтар, симуляция, логистика және киберқауіпсіздік сияқты салаларға арналған әртүрлі жобалар да шешімдер қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар