Чавушоғлу Қазақстан Сыртқы істер министрімен сөйлесті

​​​​​​​Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстан Сыртқы істер министрі және премьер-министр орынбасары Мұрат Нұртілеумен телефонда сөйлесті.

1971752
Чавушоғлу Қазақстан Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстан Сыртқы істер министрі және премьер-министр орынбасары Мұрат Нұртілеу,  Сенегал Сыртқы істер министрі  Айсата Талл Салл,  Катар премьер-министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Джасим әл-Санимен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда Чавушоғлу Қазақстанның Сыртқы істер министрі және премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған Мұрат Нұртілеуді жаңа қызметімен құттықтады.

Чавушоғлу 6 ақпанда орталығы Кахраманмараш болған жер сілкінісінен кейін Қазақстанға қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.

Чавушоғлу сенегалдық және қазақстандық әріптестерімен екіжақты қарым-қатынастарды да талқылады.

Министр Чавушоғлу Катар премьер-министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Джасим әл-Санимен өткізген әңгімеде Палестина және Ауғанстан мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар