Ердоған 45000 мұғалімді тағайындау бағдарламасына тоқталды

Президент Ердоған «Біз Ирак пен Сирияның солтүстігінде шекарамызы террор батпағынан құтқарамыз» деді.

1983969
Ердоған 45000 мұғалімді тағайындау бағдарламасына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған «Бүгін республика тарихындағы көп үлкен мұғалімді тағайындау жұмысын жатырмыз» деді.

Ердоған Стамбул Халич конгресс орталығындағы «45000 мұғалімді тағайындау бағдарламасы» аясында сөйлеген сөзінде «Сіздердің қолдауларыңызбен келесі кезеңді Түркия ғасырына айналдырамыз, Түркия ғасырын да  білім ғасырына айналдырамыз» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған 6 ақпанда орталығы Кахраманмарашта  болған жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға байланысты мәлімдеме жасады.

Ердоған «Соңғы 3 айда біз жер сілкінісі аймағы үшін өте маңызды қадамдар бастық. Біз қоқыстарды толығымен алып тастадық. 837 мың шатырмен қоса 100 мың контейнер орнаттық. 142 мың тұрғын үй құрылысын бастадық және 59 мың ауыл үйдің  іргетасын қаладық. 650 мың үйді бір жыл ішінде  салып, тапсырамыз» деп көрсетті.

Ердоған «Бүгін тағайындаумен жұмысқа кірісетін мұғалімдеріміздің жартысына жуығы жер сілкінісі аймағындағы өз міндеттерін атқаратын болады» деді.

Президент Ердоған терроризммен күрес туралы да «Біз Ирак пен Сирияның солтүстігінде шекарамызды террор батпағынан құтқарамыз» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар