Түркияның "Sonda" зымыраны сәтті ұшырылды

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр хабарлама жасады.

2023782
Түркияның "Sonda" зымыраны сәтті ұшырылды

Зымыран өнеркәсібі және сауда АҚ (Roketsan) озық инженерлік технологиялармен өндірген “Sonda” зымыраны Кыркларелинің Иғнеада ауданынан сәтті ұшырылды.

«Roketsan» тарапынан өндірілген «Sonda» зымыранын ұшыру сынағының көріністері Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының ресми әлеуметтік медиа аккаунтынан жарияланды.

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада «Бұл жетістік – «Түркия ғасыры» бағдарламасының ғарыш технологиясындағы қалдыратын қол таңбасы. Алдағы жақсы жаңалықтардың жаршысы. Мен «Roketsan» инженерлерін шын жүректен құттықтаймын» деді.

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Халук Гөргүн де ​​әлеуметтік желідегі аккаунтынан отандық және ұлттық зымыран технологияларында тағы бір маңызды табалдырықты аттағандарын атап «Біз сәтті ұшырған зымырандық технологиялардың арқасында ғарыштық зерттеулер үлкен қарқын алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар