Түрік ғалымдары ғарышта өсімдік өсіреді

Ғарыш миссиясында жасалатын экспериментпен ғарыш жағдайында өсімдіктерге генетикалық араласу жасалады.

2026499
Түрік ғалымдары ғарышта өсімдік өсіреді

Түркияның адам басқаратын алғашқы ғарыш миссиясында жасалатын экспериментпен ғарыш жағдайында өсімдіктерге генетикалық араласу жасалады.

Ғарыш саяхатында ғарышкер университеттер мен ғылыми мекемелер дайындаған 13 түрлі эксперимент жасайды.

Эксперименттердің бірі «Микрогравитация астында өсімдіктерде CRISPR гендік реттеу тиімділігін зерттеу» болады.

Жоба микрогравитациялық ортадағы өсімдіктерде молекулалық биологияның заманауи гендік реттеу әдістерінің бірі болып табылатын «CRISPR» әдісінің тиімділігін зерттеуге және генді тасымалдау мен генетикалық манипуляцияны ғарышта жасауға болатынын тексеруге бағытталған.

Жобаның үйлестірушісі және Йылдыз техникалық университетінің ғылым факультеті молекулалық биология және генетика бөлімінің PhD докторы Тугче Джелайир «Осы зерттеуден кейін болашақта азық-түлік көзі бола алатын өсімдіктер жасанды экожүйені құру және осы экожүйеде оттегі көзін қамтамасыз ету» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар