Ердоған Ливия көшбасшысы Менфиге көңіл айтты
Ердоған Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Менфиге көңіл айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Менфимен телефон арқылы сөйлесті.
Президент Ердоған әңгімеде Ливиядағы тасқын апатына байланысты Мұхаммед әл-Менфиге көңіл айтты.
Ердоған Түркияның апатқа қарсы күресте дос және бауырлас Ливия халқының әрқашан жанында екенін және көмектердің жалғасатынын білдірді.
Елдегі дауыл және тоқтаусыз жаңбыр салдарынан сел жүрді. Сел апатынан мыңдаған адам қаза тапқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Реиси үшін көңіл айту хабарламасын жариялады
Президент Ердоған Иран президенті Ибрахим Реиси үшін көңіл айту хабарламасы жариялады.
Қырым татарлары мен черкестердің қуғыны еске алынды
Түркия Қырым татарлары мен Кавказдағы бауырлас халықтардың қайғысына ортақ екенін білдірді.