Террорист Корай Вурал ұсталды

Ұлттық барлау ұйымы FETÖ мүше Корай Вуралды Тәжікстанда ұстап алып, Түркияға әкелді.

2046743
Террорист Корай Вурал ұсталды
feto kacis.jpg
feto koray vural.jpg

Ұлттық барлау ұйымы терроризммен іздеуде жүргендер тізімінде «қызғылт сары» санатында орын алған  және Фетуллахшы террор ұйымына (FETÖ) мүше болған Корай Вуралды Тәжікстанда ұстап алып, Түркияға әкелді.

FETÖ-нің басшылығымен Тәжікстанға барған және бұл жерде ұйым ішінде әртүрлі басқарушылық қызметтерде болған Вурал Орталық Азия мен Тәжікстандағы ұйымдық әрекеттерді ұйымдастырған есімдердің қатарында орын алған еді.

Тәжікстанда болған кезінде АҚШ-тың Пенсильвания штатына жиі барып, FETÖ басшысынан нұсқау алған Вуралдың қашқын FETÖ мүшесі Эмсал Кочтың Түркияға әкелінуінен кейін Тәжікстаннан қашуды жоспарлағаны анықталды.

Енді бір жағынан  11 FETÖ  мүшесі АҚШ жалауы ілінген «Galxy»  есімді моторлы яхтамен шетелге заңсыз қашып бара жатқанда  Мармаристің Бозбурун жағалауында жағалау қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар