Министр Фидан Иранда өткен Оңтүстік Кавказ жиналысына қатысты

Тегеранда Оңтүстік Кавказ аймақтық ынтымақтастық платформасының жиналысы өтті.

2054961
Министр Фидан Иранда өткен Оңтүстік Кавказ жиналысына қатысты
Ararat Mirzoyan-Hakan Fidan.jpg
hakan fidan-ibrahim reisi.jpg
hakan fidan-tahran1.jpg
hakan fidan-tahran.jpg

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның Кавказда тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін аймақтық мәселелердің келіссөз арқылы шешілуін жақтағанын баса айтты.

Сыртқы істер министрлігі «Х» әлеуметтік желідегі аккаунтынан Фиданның Иранның бас қаласы Тегеранда өткен Оңтүстік Кавказ аймақтық ынтымақтастық платформасының отырысына қатысқанын хабарлады.

Хабарламада аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыру үшін құрылған платформаның Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі отырысына қонақжайлық жасаған Иранға қоса Әзербайжан, Армения және Ресейдің қатысқаны білдірілді.

Фиданның кездесуде назар аударған мәселелерге қатысты хабарламасында «Кездесуде министріміз: Түркияның тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін аймақтық мәселелерді келіссөз арқылы шешуді жақтайтыны, бұл құрылымның халықаралық қауымдастыққа аймақ елдерінің өз мәселелерін өздері шеше алатынын көрсету тұрғысынан да маңызды екені, аймақтық ынтымақтастық пен достық жолындағы кедергілердің жойылғаны қуантады. Аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа апаратын жол Әзербайжан мен Армения арасында жан-жақты бейбітшілік келісіміне қол қойылатындығын және аймақтық көлік байланысының ашылуы қалыпқа келу мен бейбітшілік үдерістерін жеделдететінін атап көрсетті» делінді.

ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян қатысқан кездесуден кейін ортақ декларация жарияланды.

Декларацияға қарағанда кездесулер барысында өңірдегі сенім мен ынтымақтастық ортаны кеңейту және нығайту мақсатында «3+3» өңірлік тетігінің тұрақты кездесулерін жалғастыру талқыланды.

«Оңтүстік Кавказ аймақтық ынтымақтастық платформасының» келесі жиналысын Түркияда өткізу туралы келісімге келінді.

Декларацияда дау-дамайлы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге, саяси тәуелсіздікке, аумақтық тұтастыққа, белгіленген шекаралардың мызғымастығына, қоқан-лоққыларға немесе күш қолдануға жол бермеуге, адам құқықтарын құрметтеуге баса назар аударылды.

Экономикалық ынтымақтастықтың өзара сенімді нығайтудағы, халықтардың гүлденуі мен аймақ тұрақтылығындағы оң рөліне баса назар аударылған декларацияда мәдени ынтымақтастық пен білім, ғылым, туризм, мәдениет және спорт салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы да сөз болды.

Декларацияда аймақтағы тұрақты бейбітшілік пен экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында өзара және көпжақты кеңес пен қарым-қатынасты күшейту туралы шешім қабылданғанына орын берілді.

Министр Фидан Тегерандағы кездесулері аясында Иран президенті Ибрахим Реисидің қабылдауында болып, Армения Сыртқы істер министрі Мирзоян және Әзербайжан Сыртқы істер министрі Байрамовпен бөлек бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар