Операцияда жауынгер Февзи Кызылташ шейіт болды

PKK террористтері жасаған шабуылда жараланған бір әскер өзі емделген ауруханада шейіт болды.

2069165
Операцияда жауынгер Февзи Кызылташ шейіт болды

Ирактың солтүстігіндегі «Килит-Пенче» операциялық аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK террористтері жасаған шабуылда жараланған бір әскер өзі емделген ауруханада шейіт болды. Шейіт саны 3-ке жетті.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде мыналар атап өтілді: «26 қараша күні «Килит-Пенче» операциялық аймағында террористердің шабуылы салдарынан жараланған және  ауруханаға жіберілген жауынгер Февзи Кызылташ барлық құтқару шараларына  қарамастан шейіт болды. Шейітімізге Алладан рақым тілейміз. Шейіт отбасына және Түрік Қарулы Күштеріне көңіл айтамыз».



Ұқсас жаңалықтар