Президент Ердоған Венгрияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрияның бас қаласы Будапештке ресми сапармен барды.

2077713
Президент Ердоған Венгрияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның шақыруымен Будапештке барды.

Президент Ердоғанды Будапештте Ференц Лист халықаралық әуежайында Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сиярто, Венгрияның Түркиядағы елшісі Виктор Матис, Венгрия Сыртқы істер министрлігінің Протокол бас директоры Анетт Варга, Түркияның Венгриядағы елшісі Гүлшен Каранис Экшимоғлу және күйеуі Экрем Экшиоғлу қарсы алды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Венгрияға сапары Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін үзілген дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру мақсатында екі ел арасында жасалған «Достық келісімінің 100 жылдығымен» тұспа-тұс келеді.

 

Екі басшының кездесуі баспасөзге жабық өтті.

Кездесуден кейін Ердоған Түркия-Венгрия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтетін Кармелита монастырына аттанды.

 

Осы аяда Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес отырысы да өтеді.

Экономика, сауда, қорғаныс өнеркәсібі, энергетика және мәдениет салаларын қамтитын сапар барысында екі ел арасында 16 құжатқа қол қойылуы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар