Ердоған Кувейт мемлекетінің жаңа Әмірі Шейх Мешальмен сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2078655
Ердоған Кувейт мемлекетінің  жаңа Әмірі Шейх Мешальмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Кувейт мемлекетінің жаңа Әмірі Шейх Мешальмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Кувейт мемлекеті Әмірі Шейх Неввафтың қайтыс болуына орай жаңа әмір шейх Мешальға көңіл айтты.

Әңгіме барысында Түркия мен Кувейт арасындағы қарым-қатынастар, жаһандық және аймақтық мәселелер талқыланды.

Президент Ердоған Шейх Мешальға жаңа қызметінде сәттілік тіледі.



Ұқсас жаңалықтар