Хакан Фидан ресми сапармен Мальтаға барды

Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды Мальта президенті Джордж Велла қабылдады.

2098867
Хакан Фидан ресми сапармен Мальтаға барды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ресми сапармен Мальтаға барды. Хакан Фидан  Мальтаның астанасы Валлеттада президент Джордж Велла және премьер-министр Роберт Абеламен кездесті.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде министр Фиданның Сан-Антон президенттік сарайында президент Велла тарапынан қабылданғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Фиданның премьер-министр Абеламен Оберге де Кастилья сарайында кездескені айтылды.

Президент Велла өзінің «X» аккаунтындағы жазбасында Министр Фиданмен кездесуінде халықаралық және аймақтық маңызы бар көптеген мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болғанын атап көрсетті. Сондай-ақ Жерорта теңізіндегі аймақтық оқиғалар, Ливиядағы жағдай, Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі тәртіпсіз көші-қонмен күрестегі рөлі, Украина соғысы және  Түркияның Астық келісіміндегі үллестерін  қолға алғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар