Түркиядан Әзербайжандағы сайлау туралы мәлімдеме

Сыртқы істер министрлігі Әзербайжанда өткен президенттік сайлауға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

2099275
Түркиядан Әзербайжандағы сайлау туралы мәлімдеме

Түркия кеше Әзербайжанда өткен президенттік сайлаудың басқыншылықтан азат етілген елді-мекендерге қоса, Әзербайжанның барлық жерінде бейбіт түрде өткеніне қуанышты екенін жариялады.

Сыртқы істер министрлігі Әзербайжанда өткен президенттік сайлауға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Сайлаудың бауырлас Әзербайжанға құт әкелуі тілегі айтылған мәлімдемеде «Сайлаудың басқыншылықтан азат етілген жерлерге қоса, Әзербайжанның барлық жерінде бейбіт түрде өткеніне қуаныштымыз» делінді.

Мәлімдемеде Әзербайжан халқының сайлау барысында көрсеткен парасаттылықтың жоғары бағаланғаны айтылды.

4 миллион 971 мың сайлаушы дауыс берген және қатысушы мөлшері 76,73 пайызды құраған президенттік сайлауда Ильхам Әлиев 92,1 пайыз дауыс жинап, қайта сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар