Ердоған мен әл-Сиси баспасөз мәслихатын өткізді

Ердоған Мысыр мен Түркияның мың жылдан астам ортақ тарих пен мәдениетке ие елдер екенін мәлімдеді.

2102543
Ердоған мен әл-Сиси баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Мысыр мен Түркияның мың жылдан астам ортақ тарих пен мәдениетке ие елдер екенін мәлімдеді.

Президент Ердоған ресми сапармен барған Каирде Мысыр Мемлекет басшысы Абдулфеттах әл-Сисимен оңаша және делегация аралық кездесудің артынан ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

«Мың жылдан астам ортақ тарих пен мәдениеті бар Түркия мен Мысыр тамыры тереңде жатқан осы мұрадан алған күшпен қарым-қатынастарын лайықты деңгейге көтеруге ұмтылуда» деген Ердоған «Құрметті бауырымды Кеңес отырысымызды өткізу үшін Анкараға шақырдым. Бұл сапар қарым-қатынастарымызда жаңа бетбұрыс болады деп ойлаймын. Сауда және экономика ынтымақтастығымыздың бастамасы. Бүгінгі кездесуімізде қысқа мерзімде сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткізуге келістік. Біз де 3 миллиард долларға жақындаған инвестициямызды арттыруға  бел будық. Кездесулерімізде біз осы бағытта басатын қосымша қадамдар туралы пікір алмастық.

Қорғаныс өнеркәсібі әлеуеті зор тағы бір саламыз. Мысыр қорғаныс саласына айтарлықтай инвестиция салуда. Мысырмен күш біріктіріп, бірлескен жобаларды дамытамыз деп ойлаймын. Біз сондай-ақ сұйытылған табиғи газ, ядролық және жаңартыла алатын энергия салаларындағы ынтымақтастығымызды жетілдіру мүмкіндіктерін де қарастырамыз» деді.

Президент Ердоған Мысырмен туризм, білім беру және мәдениет салаларында байланыстарды одан әрі нығайту үшін күш салатындарын білдірді.

Каирдегі Юнус Эмре институтының әлемде түрік тілі курстарына ең көп қызығушылық танытқан бөлімше екенін айтқан Ердоған өткен жылы 22 мың мысырлық студенттің түрік тілін үйрену курстарына тіркелуінің қуантатын жағдай екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар