Нуман Куртулмуш Грузия Сыртқы істе министірін қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвилиді қабылдады.

2103018
Нуман Куртулмуш Грузия Сыртқы істе министірін қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвилиді ел астанасы Анкарада қабылдады.

Мәжілісте  өткен қабылдауда Түркия-Грузия қарым-қатынастары, аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды.

Екі ел халқының арасында ежелден келе жатқан достық бар екенін түсіндірген Куртулмуш Грузия Сыртқы істер министрі Дарчиашвили мен қасындағы делегацияны Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылдауға қуанышты екенін айтты.

Куртулмуш аймақ тыныштығы мен тұрақтылығын сақтаудың маңыздылығына да назар аударды.

Грузиямен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды қалайтындарын баяндаған Куртулмуш достық топтар арасындағы байланыстар мен сапарлардың осы аяда пайдалы болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар