Түркия Ходжалы қырғынының 32 жылдығына орай мәлімдеме жасады

Түркия «Әзербайжанның Ходжалы қаласында жазықсыз бейбіт тұрғындарға жасалған қырғынды айыптаймыз» деп мәлімдеді.

2107195
Түркия Ходжалы қырғынының 32 жылдығына орай мәлімдеме жасады

Түркия Ходжалы қырғынының 32 жылдығына қатысты «Әзербайжанның Ходжалы қаласында жазықсыз бейбіт тұрғындарға жасалған қырғынды айыптаймыз» деп мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде 1992 жылы 26 ақпанда Ходжалыда болған қиянаттың адамзат тарихында қара із қалдырғаны атап көрсетілді.

«Ходжалыда қаза тапқан 613 ағайынымыздың және сол күні жараланған, тұтқынға алынған немесе хабар-ошарсыз кеткен барлық әзербайжандықтардың қайғысы әлі күнге дейін жүрегімізде» делінген  мәлімдемеде  қырғында қаза тапқандарға Алладан рақым тілеп, Әзербайжан халқына көңіл айтты.

Мәлімдемеде «1992 жылы 26 ақпанда Әзербайжанның Ходжалы қаласында Армения қарулы күштерінің жазықсыз бейбіт тұрғындарға жасаған қырғынын айыптаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар