Анталия Дипломатиялық форумы аяқталды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анталия Дипломатиялық форумының артынан мәлімдеме жасады.

2110230
Анталия Дипломатиялық форумы аяқталды

Сыртқы істер миснистрі Хакан Фидан Анталия Дипломатиялық форумына (ADF) биыл 148 елден 4 мың 700 адам қатысқанын атап көрсетті.

Хакан Фидан «3-ші Анталия дипломатиялық форумына» қатысты соңғы күнгі отырыстардың артынан форум туралы мәлімдеме жасады.

«ADF» жұмысына 19 мемлекет пен үкімет басшысы, 2 аймақтық әкімшілік басшысы және 52 сыртқы істер министрі қатысты» деген министр Фидан «Кейбір халықаралық актерлердің әртүрлі мәселелердегі қос стандарты мен халықаралық құқықты жоқ деп есептейтін ұстанымдары форум барысында қатысушылар тарапынан сөзбе-сөз айтылды» деді.

Біреулердің рұқсатын күтіп, Израиль шабуылына ұшыраған Газа секторына жәрдем жеткізудің 2 миллион адамның баяу және үнсіз өліміне ортақ болу деген мағынаға келетінін атап көрсеткен министр Фидан «Енді халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжірибелер мен біржақты қадамдарын тастау керектігін тілге тиек еткендер бар, біз мұны қолдаймыз» деді.

Сыртқы істер министрі Фидан сондай-ақ «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің шақыруымен стратегиялық механизм жиналысын өткізу мақсатты келесі аптада АҚШ-қа сапар жоспарладық» деді.

Министр Фидан Ресей-Украина соғысы туралы болса «Оккупацияны мойындау дегенді білдірмейді, бірақ оккупацияны мойындау және егемендік мәселелері мен атысты тоқтату мәселесін бір-бірінен ажырататын уақыттың жеткеніне сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар