Министр Фидан АҚШ-қа барады

Хакан Фидан «7-ші Түркия-АҚШ стратегиялық механизм жиналысына» қатысады.

2111384
Министр Фидан АҚШ-қа барады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің шақыруымен 7-8 наурыз күндері арасында АҚШ-қа ресми сапармен барады.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Фиданның сапары аясында өтетін «7-ші Түркия-АҚШ стратегиялық механизм жиналысы» аясында тараптар ауқымды салалардағы өзара ынтымақтастық тақырыптарын тиісті мекеме өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқылайды.

Тараптар маңызды жаһандық және аймақтық оқиғалар бойынша жан-жақты келіссөз жүргізеді.

Фиданның Вашингтонға сапары барысында АҚШ Сенатының мүшелерімен байланыс жасауы және АҚШ президенті Джо Байденнің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен де бас қосуы күтілуде.

Хакан Фидан сапары аясында сараптамалық орталықтардың іс-шараларына да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар