Газа секторына Түркия жіберген жәрдем кемелері Мысырға ұласты

Түркияның 2 мың 737 тонналық жәрдем материалы тасымалдаған 7-ші мейірімділік кемесі Мысырға ұласты.

2113438
Газа секторына Түркия жіберген жәрдем кемелері Мысырға ұласты

Түрік Қызыл жарты Ай қоғамының 2 мың 737 тонна гуманитарлық жәрдем материалы тасымалдаған 7-ші мейірімділік кемесі Мысырға жетті.

Түрік Қызыл жарты Ай қоғамының мәлімдемесіне қарағанда қазан айынан бері соғыстан зардап шеккен Газа халқы үшін аймаққа Израиль шабуылдары басталған 7 қазан күнінен бері жәрдем жұмыстарын жалғастырған Түрік Қызыл жарты Ай қоғамының осы уақытқа дейін жіберген жәрдем кемелерінің ең үлкені болып табылатын 7-ші мейірімділік кемесі Мысырдың Әль-Ариш портына ұласты.

«Мейірімділік» кемесіндегі материалдарды тасымалдау үшін жүк көліктеріне тиеу жұмыстары бірден қолға алынды.

Елдегі Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы маман қызметкерлерінің бағыттауымен тиелген жүк көліктері «Рафах» шекара қақпасы арқылы Газа секторына өтеді.

Кемеде дайын тамақ, су, азық-түлік пакеттері, ұн, киім-кешек, гигиена, шатыр, ұйықтайтын қап, көрпе, медициналық құрал-жабдықтар мен нәресте заттары сияқты баспана материалдарынан тұратын 2 737 тонна жүк бар.

Жәрдем көліктерінің аймаққа жылдам жетуін қамтамасыз ету мақсатты жұмыс істейтін Түрік Қызыл жарты Ай қоғамы, Мысыр Қызыл Жарты Ай мекемесі және Палестина Қызыл Жарты Ай ұйымымен үйлестіре әрекет етуде.

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газа секторында азық-түлік пакеттерінің таратылуына қоса, Газа секторының «Рафах» аймағында да асхана жұмысын жүргізіп, күнделікті 5 мың адамға ыстық тамақ беруді жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар