Иракпен шекаралық қауіпсіздік жиналысы өтті
Түрік және ирактық лауазымдылар шекаралық қауіпсіздік жиналысы өткізді.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Түрік Қарулы күштерінің Ирактың солтүстігінде жүргізген операциялардың Ирак қауіпсіздік бөлімшелерімен тығыз байланыста жүзеге асырылғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде 2-ші армия қолбасшысы генерал-лейтенант Метин Токел және қасындағы делегацияның ирактық лауазымдылармен шекара қауіпсіздігі жиналысы өткізгенін атап, «Ирактық лауазымдылармен «Пенче-килит» операциялық аймағында өткен кездесуде Ирак-Түркия шекара желісі қауіпсіздігі талқыланып, Ирак азаматтарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар да талқыланды» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Министр Фидан пәкістандық әріптесімен бас қосты
Бас қосуда екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысының дайындықтары талқыланды
Президент Ердоған Реиси үшін көңіл айту хабарламасын жариялады
Президент Ердоған Иран президенті Ибрахим Реиси үшін көңіл айту хабарламасы жариялады.