"Экономика жақсы" деді
Президент Ердоған партиясының Ыспарта қаласындағы митингінде сөз сөйледі.
Президент Режеп Тайып Ердоған экономикалық көрсеткіштердің өте жақсы екенін айтты.
Әділет және даму партиясының төрағасы, президент Ердоған партиясының Ыспарта қаласындағы митингінде сөз сөйледі.
Жүргізілген бағдарламаның қортындысының биылғы екінші тоқсанда көріне бастайтынын білдірген Ердоған «Негізінде экономикалық көрсеткіштер өте жақсы. Ұлттық табысымыз, жұмысқа орналастыру, өндіріс, экспортымыз тарихтағы ең жоғары деңгейде. Инфляция төмендеген сайын экономиканың жетістіктерін қызметкерлер мен зейнеткерлерге көрсетудің мүмкіндігі болады» деді.
Қорғаныс өнеркәсібіне де тоқталған президент Түркияның ұшқышсыз әуе аппараттары технологиясының әлемнің алғашқы үш, ұлттық әскери ұшақ «Kaan» арқылы да бесінші буын ұшақ жасай алатын әлемдегі төрт елдің бірі екенін атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған көңіл айту хабарламасын жариялады
Президент ирандық әріптесі үшін көңіл айту хабарламасы жариялады.
Апатқа ұшыраған тікұшақтың орнын «Akıncı» пилотсыз әуе көлігі анықтады
Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Рейси мінген тікұшақтың сынықтарын түрік пилотсыз әуе көлігі анықтады.