НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы өтеді

Түркия терроризммен күресті НАТО саммиті  күн тәртібіне әкеледі.

2124201
НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы өтеді

НАТО Сыртқы істер министрлері 2024 жылдың бірінші отырысы үшін 3-4 сәуірде Бельгияның астанасы Брюссельде бас қосады.

Брюссельде өтетін жиналысқа  Түркия атынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан қатысады.

Кездесудің күн тәртібінде жалпы тежеу мәселелері, терроризммен күрес және Украинадағы оқиғалар болады.

Швеция мен Финляндияның мүше болуынан кейін Одақтың соңғы жағдайы мен Вашингтон саммитіне дайындық мәселелері де күн тәртібінде болмақ.

Жиында министр Фидан НАТО-ның терроризммен бірге күресуі керек екенін, мұның НАТО-ның міндеттерінің бірі екенін түсіндіреді. Фидан сонымен қатар кейбір НАТО мүшелерінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YP-мен серіктестік қарым-қатынасқа түсуінің қабылданбайтынына тағы да тоқталады

Хакан Фидан сондай-ақ одақтастардың қорғаныс өнеркәсібі саласында бір-біріне санкциялар мен шектеулер енгізуінің одақ рухына қайшы екенін түсіндіріп, Түркияның Еуропаның қорғанысы мен қауіпсіздігін қалай тиімді қамтамасыз ететіні туралы көзқарастарын жеткізеді.



Ұқсас жаңалықтар