ТИКА Ауғанстанда 600 отбасына азық-түлік жәрдемін жеткізді

ТИКА-ның Герат кеңсесі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2124546
ТИКА Ауғанстанда 600 отбасына азық-түлік жәрдемін жеткізді

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Ауғанстанның батысындағы мұқтаж 600 отбасына азық-түлік жәрдемін жеткізді.

ТИКА-ның Герат кеңсесі жасаған мәлімдемеге қарағанда Ауғанстанда Рамазан айында жүргізілген жәрдем шаралары аясында батыстағы Герат, Нимруз, Фарах және Бадгис аймақтарындағы 600 отбасыға азық-түлік өнімдері таратылды.

Әр отбасына 2 ай бойы жететіндей мөлшерде ұн, күріш, май, бұршақ, көк жасымық, томат пастасы, шай, қант сияқты негізгі азық-түлік өнімдері жеткізілді. Тарату кезінде мүгедектер, қарттар мен жесірлерге алдын ала берілді.

Жәрдемдердің Ораза айтта да жалғасатыны айтылып, Рамазан айында мұқтаж отбасыларға 30 тоннадан астам гуманитарлық жәрдем таратылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар